КТП 25–250/10(6) У1 типті жиынтық трансформаторлық қосалқы станциялар
тг.
тг.
Тапсырыс беру
КТП 25–250/10(6) сериялы жиынтық трансформаторлық қосалқы станциялар КТП 25–250 кВА қуатты жиынтық трансформаторлық қосалқы станциялар сыртқы орнатылатын, бір трансформаторлы тұйық (тупиктік) типті қосалқы станциялар болып табылады. Олар 50 Гц жиіліктегі үш фазалы айнымалы ток электр энергиясын 6 және 10 кВ кернеуде қабылдап, оны 0,4 кВ кернеуге түрлендіруге және тұтынушыларды электрмен жабдықтауға арналған. Трансформатор (ТМ немесе ТМГ типті) ашық түрде орнатылады және атмосфералық жауын-шашыннан қалқанша (козырек) арқылы қорғалады. КТП электр желісіне жиынтықпен жеткізілетін ажыратқыш арқылы қосылады. Шығатын фидерлерде стационарлық автоматты ажыратқыштар орнатылады. КТП құрамында көше жарықтандыру фидері бар, ол кіріктірілген фотореле сигналы бойынша автоматты түрде қосылып-ажыратылады. Шығатын желілер саны мен ток мәндері тапсырыс берушінің талабына сәйкес өзгертілуі мүмкін. Қосалқы станция активті энергияны есептеу үшін есептегіш пен тиісті ток трансформаторларымен жабдықталады. Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін электрлік және механикалық блокировкалар қарастырылған. Электр жабдықтарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында КТП-де жылыту жүйесі бар. Электр қауіпсіздігі талаптарына сәйкес КТП іргетасқа (пьедесталға) орнатылады, ал жоғары кернеу кіріс нүктесі жер деңгейінен 4,5 м биіктікте орналасады. ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ:
қоңыржай климатты аймақтарда: -40 °C-тан +40 °C-қа дейін;
теңіз деңгейінен биіктігі: 1000 м-ден аспайды;
КТП 25–250/10(6) сериялы жиынтық трансформаторлық қосалқы станциялар ГОСТ 14695 талаптарына сәйкес келеді.